Үйірмелер

  7894Кітап- біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихы да, әдебиеті де, басқа ғылым кереметтерін де кітаптан табамыз. Кітапханада оқырмандардың белсенділігі, үйірме жұмысы, кітапхана активінің үлгісі адамдардың қарым – қатынасы үшін өте керекті жұмыс. Осыған байланысты жылдың басында белсенді оқырмандармен және 6-7 сынып оқушыларымен кітапханада оқырмандар активінің отырысы өтті.Бүгінде ұлттық қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналуда. Кітапханамызда «Шебер қолдар» атты қолөнер үйірмесі балаларға қолөнер арқылы жан-жақты тәрбие беру, оларды баулу, жалпы рухани игілікт ерді бағалай білуге тәрбиелеуді өз алдарына міндет қойып отыр.012345«Шебер қолдар» атты қолөнер үйірмесінде «Ою-өрнек шеберлігінің бастауы» туралы қазақ оюының шығу тарихына 6- сынып оқушыларының қатысуымен шолу жасалынды. Шолуда ою қазақтың бұрынан келе жатқан қол өнері екенін және оның қандай түрлері бар екені үйірме мүшелеріне таныстырылып насихатталды. Үйірмеде 4-5 сынып оқушыларымен «Біз бақытты балдырған » деген тақырыпта сурет салу байқауы болып өтіп, балалар өздері кітаптардан ұнатып оқыған кейіпкерлеріне саяхат жасау арқылы ертегілерде көп кездесетін кейіпкерлердің суреттерін ақ параққа салды. Балалардың ұлттық қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында 7- сынып оқушыларымен «Өнерді бағалай білейік» атты танымдық сабақ өткіздік. Қазақтың ұлттық қолөнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді. Мектептегі балалар бейнелеу өнері, ән-күй, құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып, көркем талғамын, өзіндік дүниетанымын қалыптастырады. Сабаққа 14 оқушы қатысып, 2 оқушы жаңа оқырман болып кітапханаға жазылды.
Балалар кітапханасы 4-5 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы» атты әдеби қонақжай өткізді. Шараның мақсаты: Балаларымызға тәуелсіздік жолында күрескен ата-баба, аға-апаларының асқақ жігерлі рухын, қайтпайтын табандылығын өшпес өнеге ету.

Реклама