Қызығушылар клубы

 «БАЛДӘУРЕН» ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

 ваававАудандық балалар кітапханасы «Балдаурен» қызығушылар клубының мүшелерімен 8-наурыз мерекесіне орай 8-сынып оқушыларымен кітапханада «Анама ән арнаймын»— атты анаға жыр мен ән шашу мейрамын өткіздік. Мейрамға балардың ата-аналарын қонаққа шақырып, әр бала өздерінің өнерлерін ортаға салып аналарына сыйға әннен шашу шашты.

Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға, дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыруға,  әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.

12-сәуір Ғарышкелер күніне орай оқырмандарға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген , қос ғарышкер ағаларымыз Талғат Мұсабаев және Тоқтар Әубәкіровтің өмір тарихы мен шығармашылығы  және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер беруде 7- сынып оқушыларымен «Ғарышқа ұшқан қыран қазақ» атты пікір-талас өткізіліп, шараға 14 оқырман қатысып  ғарышкер ағалары жайлы мағлұматтар алды, 2 оқырман жаңадан жазылды.

1 мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күні  мерекесіне орай  балалар кітапханасы мен «Балдаурен» клуб мүшелері №13 мектептің 5-сынып оқушыларымен «Бірлік. Ынтымақ. Татулық» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізілді . Шараны ұйымдастырып өткізуде клуб мүшелерінің Отанға, елге, жерге деген патриоттцық сезімі зор екендігі байқалды. Орыс, татар, ұйғыр балаларының айтқан қазақ тіліндегі тақпақтары,қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің де отаны болып, салт-дәстүрін, өнерін сүйетіндігін көрсетті. Шара балалардың есінде, бір ту астында өмір сүретін, бақытты өмірді елестетті.

4- маусым ҚР Рәміздер күніне № 13 М.Мақатаев атындағы мектептің 4-5 сынып оқушыларымен  «Ел рәміздері ел рухы» тақырыбында танымдық  сабақ өткізілді. Мақсаты: Балаларға мемлекеттік рәміздер еліміздің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасқан түсінікті одан әрі  нығайтып, патриоттық сезімдерін ояту. Елін, жерін, тілін,  қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге  тәрбиелеу. Оқушылар мерекелік іс-шараға белсене араласып,көптеген мағлұматтар алды. Жұмбақтар шешіп , әр түрлі сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап, құнды ақпараттар алып, марапаттауларға ие болды. Шараға 18 оқырман қатысып, 3 оқырман жаңа оқырман болып кітап алды.

керцкно29-тамыз Конституция күніне орай 7-8 сынып оқушыларымен «Ата заңым- алтын қазығым» атты тақырыптық кеш өткізілді.  Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. №13 мектептің  мұғалімі Республиканың әр азаматының құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді. Балалар БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Конфевенциясының құжаты туралы, зайырлы Қазақстанның іргетасының қалануы мен қалыптасуы туралы қазақ жерінде көне замандардан бастау алған заңдары туралы, т.б. білді. Іс-шара барысында «Қазақстан Рспубликасының 20 жылдығы» слайды мен «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 20 жыл», «Конституция күнімен» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар шағын мерекелік концерт көрсетті.

Оқушыларды  өз ана тілін қадірлеп, қастерлей білуге,  әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасатынын ұғындыру мақсатында кітапханада мұғалімдер мен 6-сынып оқушыларының қатысуымен  «Тілі бірдің тілегі бір» атты мерекелік ертеңгілік  ұйымдастырылды. Ертеңгілік барысында  Тіл- ұлттың жаны. Ана тілі — халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы екендігін кітапханашы ашып айтып балаларға таныстырып өтті. Оқырмандар тіл туралы өлең тақпақтарын айтты. Кітапхана директоры М.Жабиева оқырмандарды Тіл мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Шара соңында кітапханаға 4 оқушы жаңа оқырман болып жазылып, қолға 7 кітап берілді.

Қазақ халқы  басынан небір қиын-қыстау заманды өткерсе де, ата-бабаларымыз өзіміздің мәдениетімізді, дәстүрімізді, төл өнерімізді ұмыт қалдырмай, оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап, жеткізіп отырған. Осы мақсатта № 13 мектептің жоғарғы 8- сынып оқушыларымен  «Ардақтайық қазақтың ата-салтын» деген тақырыпта ардагерлермен кезлдесу кеш өткізілді. Аталарымыздың даналы сөздері тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет салт-ғұрпы балаларымыздың  жүрегінде мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты отаншылдық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқарады. Шараға 26 оқырман қатысып, 8 оқырман жаңадан жазылды.

Еліміздің Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің жаңа тарихындағы атаулы күндерінің бірі.Осыған орай балалар кітапханасы белсенді оқырмандар мен 5-сынып оқушыларымен бірлесіп «Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыптық сөре ұйымдастырып, сөреге папка досье қойылды.

 

Реклама