2- сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесі

2- сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай аудандық балалар кітапханасында 2-5 сәуір аралығында апталық өтуде. Апталық күндері «Тапқыштар» әдеби-ойын- фантазиясы, «Құрметтейік кітапты» атты тақырыпта ертеңгілік өтті. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін артыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы апталықта 3– сәуір күні «Кітаптар қалашығына саяхат» тақырыбында 6- сынып оқушылары арасында кітапханада ашық есік күні жарияланды. Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз- кітап біздің байлығымыз, жан азығымыз, қазынаның асылы, өмірдің шырағын жағар құнды мұра екенін  түсіндіре отырып, оны бағалауға үйрету. Оқырмандарды кітап оқуға деген ынтасын арттыру. Шара барысында «Білім патшалығында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханаға жаңа 5 оқырман жазылды.

Реклама