Ұлы Отан соғысы Жеңісіне-70 жыл

Кітапханада 9-мамыр Жеңіс күнінің жетпіс жылдық мерекесінің қарсаңында «Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі» деген тақырыпта кеңейтілген кітап көрмесін ұйымдастырдық.

Оқу залында ұйымдастырылған бұл кітап көрмесі өскелең жас ұрпақты Ұлы Отан соғысы тарихымен, қазақстандықтардың майдан даласында көрсеткен ерліктерімен таныстыра отырып, отандастарымыздың тылдағы еңбектерін ұмытпауға, қан майданды бастан кешірген ардагерлерге тағзым етуге шақырады. Көрмеміз үш бөлімнен тұрады: 1) «Бұл күн ешқашан ұмытылмайды», 2) «Елесі сол жылдардың есімізде», 3) «Қаһарман қыздары қазақтың». Көрмеге жастарға Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін «Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары», Т.Көлбақовтың «Өшпес даңқ»(2013), «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», «Аңызға айналған есімдер»(1985), «Бір мың төрт жүз он сегіз күн»(1980), «Еділ-балтық арасында», «Бас штаб соғыс жылдарында»(1972), «Қаһарман Бауыржан Момышұлы»(2008) «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», орыс тілінде П.С.Беланның «Казахстанцы в битве на Волге», «Рядовые победы» т.б кітаптары оқуға ұсынылды. «Ешкім еш нәрсе ұмытылмайды», «Ерліктің қос қанаты», «Қаһарман қыздары қазақтың»- деген тақырыптарда топтамалар және Ұлы Отан соғысы туралы құжаттар мен материалдар, соғыс жылдарындағы Қазақстанның рөлі, қазақстандық жауынгерлердің соғыстағы ерліктері туралы естеліктері, әскери мемуарлар, әскери атрибуттар, суретті альбомдар және т.б. материалдармен толықтырылды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай белсенді оқырмандар мен 7-сынып оқушыларымен «Бұл күн ешқашанда ұмытылмайды» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Шара барысындағы балаларға қойылған викториналық сұрақтар Ұлы Отан соғысының Москвада, Курскте, Сталинградта болған шайқастарына арналды. Қатысушылар Александр Матросовтың, Зоя Космодемьянскаяның ерліктері мен соғысқа қатысушылардың қолданған қару-жарақтарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар Кеңес Одағының Батыры атағы біздің қазақ жауынгерлеріміздің кімдерге берілгендігі жайлы айтылды. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалынды. Мұнда тек отандық жазушылардың ғана емес өзге ұлт жазушыларының да көркем шығармалары қойылды. Соғыстың сұрапыл кезеңдері тарих бетінде мәңгі сақталып қалды. Сондықтан қан майданда ерлік көрсеткен азаматтардың батырлығы ешқашанда ұмытылмайтындығы анық. Шараға 31 оқушы қатысып, көрмеден 9 кітап қолға беріліп, 4 оқырман кітапханаға жазылды.

Реклама