ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӘДЕБИЕТТЕРДІ НАСИХАТТАУ

қоғамҚоғамдық- саяси әдебиеттерді насихаттау барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, «Мәдени мұра», «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып баланы кітап оқуға ынталандыру мақсатында жас оқырмандарға мәдени іс-шаралар өткізілді. Осыған орай аудандық балалар кітапханасында 6-7-сынып оқушыларымен «Жаңа дәуірдің жаңа Жібек Жолы» атты танымдық сабақ өткізіліп, «Нұрлы жол болашақтың кілті» — деген тақырыптарда кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жолдауды қолдау мақсатында кітапханашы Макира Қанапияқызы 8- сынып оқушылары арасында Жолдау туралы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдармен оқырмандарды таныстырды.қоғамд

Білімділігі- имандылық тәрбиесі өркениетті ел болуға ұмтылған бүгінгі қазақ елінің алдындағы ең өзекті, ең негізгі мәселе болып отыр. Ал жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту бәріміздің бірден-бір парызымыз. Жергілікті Мешіт имамын шақырып №13 М.Мақатаев атындағы мектептің 6- сынып оқушылармен бірігіп «Экстремизмнің пайда болу себебі не?» деген тақырыпта имандылық сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу, бойларына адамгершілік, әдептілік, үлкендерге – құрмет, кішілерге-ізет қасиеттерін сіңіру. Сабақ барысында Қазақстандағы дінге деген бетбұрыс, көзқарастар баяндалып, негізгі бөлімде – имам Ислам діні жайында, Пайғамбарымыз Мұхаммед туралы, мұсылмандықтың негізгі міндеттері мен парыздары жайлы әңгіме өрбіді. Кеш соңында имам оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Шараға 24 оқушы қатысып, 4 оқырман жаңадан жазылды.қоғамдық
31-мамыр Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Боралдай кентінде Қандысайда өткен қаралы жиынға қатысып, халқымыздың болашағы үшін, еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен, соның салдарынан жазықсыз жапа шеккен мемлекет қайраткерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойдық.

қоғамдыққ
Аудандық балалар кітапханасының оқу залында 1-Маусым Балалар қорғау күніне орай № 13 М.Мақатаев атындағы мектептің 3-4-5- сынып оқушылары арасында «Балалық дәурен балғын шақ» атты ертеңгілік өтті. Мерекелік шара балаларымыздың мәнерлеп оқыған өлеңдері мен концертінен, викториналардан тұрды. Ертеңгілік барысында балалармен «Тиын тастамақ» ойыны, «Мақал-мәтел» және «Бәйге » сайыстары өтті. «Тиын тастамақ» ойынында оқушылар өздеріне берілген сауалдарға жауап бере отырып, балалар өздерін таныстырып береді. Қатысушылардың арасында мүмкіндігі шектеулі балалар да болды. Мүмкіндігі шектеулі 3 балаға қатысқандары үшін мадақтама қағаздар мен сыйлықтар берілді. Мерекеге қатысқан барша балаларға тегін балмұздақ таратылды. Сонымен қатар балалар кітапханасындад интернет желісі арқылы проектор экраннан «Ералаш» көрсетілімін тамашалады.

қоғм
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Үмітін елдің аралап, арманнан туған Рәміздер» атты библиографиялық шолу өтіп, шараға №13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп жанындағы «Балауса» мектепішілік лагерінің 5- сынып оқушылары, лагерь жетекшісі С.Ақмұханова қатысты. Кітапханашы М.Ахмедиева мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына шолу жасап, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран авторларының өмірбаяндарымен таныстырды. Еліміздің рәміздерін Көк байрағымыз бен Елтаңбамыз, Әнұранымызды өз жадымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау – бәріміздің міндетіміз. Шарамыздың жалғасы флешмобпен аяқталды.
Жалпы оқырман қауымын қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихымен таныстыру, Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту, тарихқа енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу және Елордамыздың туған күнін атап өту мақсатында 6-шілде Астана күніне арналған «Астана- небір тарих көрген қала» деген тақырыпта ертеңгілік өткізілді. Аталған іс-шараға күнделікті келетін оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысып, оларға Астана қаласының тарихы, 16 жыл ішінде жеткен жетістіктері, қаланың саяси-экономикалық дамуы, ондағы зәулім құрылыс нысандары, т.б. туралы «Астана,сенсің заман аманаты» атты соңғы ақпараттық видеоролик көрсетіліп, «Астана бабалар аманаты» виртуалды саяхат жасалынды. Қатысушыларға Астана туралы викториналық сұрақтар қойылып, олар өздерінің ұтымды жауаптарын айтты.
Іс-шара барысында оқырмандарға Астана күніне орай арнайы жасалған кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі ұсынылды. 17 оқырман қатысып, 6 оқырман кітапханаға жаңа оқырман болып жазылды.
1-Қыркүйек білім күні қарсаңында «Ана тілім-ақ қанатты тұлпарым» атты тақырыпта белсенді оқырмандар арасында ауылдағы қарт ұстаздарды және мектеп оқушыларымен оқырмандармен ой толғау кеші өткізілді. Кеште шәкірт тәрбиелеп жүрген талай жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлікте жүрседе еңбек атқарып отырған ұстаз Ғалия Надырбековамен ой бөлісті. Ұстаздық өмірдегі шындық айнасы,ұстаздық жолдағы күнделікті өмірдің бет-бейнесі туралы қызықты ойларын ортаға салды.
Мақсат: Үлкендер өнегесінен үлгі алуға, саналы тәрбие алуға тәрбиелеу. Сондай-ақ 5- сынып оқушылары арасында «Білім-ақыл-ой дариялы » тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу өткізілді. 27 оқырман қатысып, 6 оқырман кітапханаға жазылды.
22 қыркүйек- Қазақстан Республикасы халықтары тілдері күні. Тіл-ұлттың жаны. Ана тілі — халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы. Тіл мерекесі қарсаңында бастауыш 3-4-сынып оқушыларымен «Ана тілін аялау –асыл парыз» атты тақырыпта әдеби ойын, ореn-аіr өтті. Ана тілі- әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры дей отырып, әдеби ойын барысында Ұлы ақын- жазушыларымыздың болашақ ұрпаққа аманаттап кеткен қанатты сөздері айтылды. Кітапхана директоры оқырмандарды Тіл мерекесімен құттықтап ореn-аіr-ге қатысқан оқырмандарды марапаттады. «Тіл татулық тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Мақсаты: ана тіліміздің қадір- қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену , тіліміздің мәртебесін көтеру , оқырмадардың тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта білуге , еркін сөйлеуге баулу.
1-қазан Қарттар күніне орай «Қазыналы қарты бар ел азбайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Арнайы әзірленген кітап көрмесіне «Ана тілі», «Парасат», «Қазақстан әйелдері», «Ақиқат», «Ару ана» және т.б. мерзімді басылымдарда шыққан мақалаларға шолу жүргізілді.
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында балалар кітапханасы №13 мектептің 4-5 сынып оқушылары арасында «Президентім, Тәуелсіздігім» деген тақырыпта ертеңгілік өткізді. Шара барысында президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы слайд көрсетіліп, «Қазақстан- менің Отаным» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға 26 оқырман қатысып, оның ішінде 4 бала жаңа оқырман болып кітапханаға жазылды.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – жалынды жастық» атты ертеңгілік өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: балаларға патриоттық тәрбие беру, туған жерін, елін құрметтеуге, Отанын сүюге және де елжандылыққа тәрбиелеу. Аталған іс-шарада жоғары 8- сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара барысында тақырыпқа сай тақпақтар айтылып, әндер шырқалды. Балаларға Желтоқсан оқиғасына арнап түсірілген Ә.Тынәлиевтің бейнебаяны проектор арқылы ұсынылып, көрсетілді. Балалар Тәуелсіздік жайлы мазмұнды мағлұматтар алды.

Реклама