Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл

Кітапхананың оқу залында қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл толуына орай «Жеті ғасыр шежіресі- Нұрлы жол» атты тақырыпта тарихи-танымдық сағат өткізілді. Іс-шарамызға 13 мектептің 9-сынып оқушыларымен қатар, тарих пәнінің ұстаздары, Іле аудан әкімінің мәдениет бөлімінің қызметкерлері және жергілікті баспасөз тілшілері, «Жас Отан- Жастар қанаты» мүшелері, аудандық кітапхана ұжымы қатысты. «Жеті ғасыр шежіресі- Нұрлы жол» — атты кешті аудандық кітапхана директоры М.Жабиева ашты. Өз сөзінде: Қазақ хандарының елдің тұтастығымен елдігін сақтап қалатын тұлға ретінде өз заманының қазақ даласының кемеңгер тұлғасы екені туралы айтылды. Бұл тарихи оқиға екенін балаларға таныстыра өтті. «Қазақ хандығының тарихы» деген тақырыпта аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Қ.Бұдұғұлова слайд дайындап таныстырып, «Керей-Жәнібек ерлік жолдары» атты тақырыпта виртуалды кітап көрмесі интернет желісінен арнайы жинақталып веб-технологиялардың қызметі арқылы шолу жасалып таныстырылды. Әр оқушы қазақ хандарының киімдерін киіп, олардың образына кіріп тарихи көрініс көрсетті. Шарамыздың мақсаты Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ хандарының билік саясатына түсінік беру. Балаларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу деп түсінеміз. Кешке 45 адам қатысып,12 жаңа оқырман жазылып, көрмеден 8 кітап алынды.
«Қасымханның қасқа жолы-ұрпаққа қалдырған өнеге» атты Қазақ хандығының құрылғанына -550 жылтолуына орай қазақ хандығының негізін салушылардың бірі- Қасымханның туғанына – 570 жыл толуына орай библиографиялық шолу өткізіліп, тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Шолуға 21 оқырман қатысып, көрмеден 10 кітап алынып, 8 оқырман жаңадан жазылды.
Қазақ батыры Хангелді Райымбекұлының туғанына- 310 жыл толуына орай «Райымбек-абыз көреген батыр» атты тақырыпта тарихи- танымдық сағат 8- 9 сынып оқушылары және мұғалімдер арасында өткізіліп, «Қазақ хандығының тарихы» слайд-шоу көрсетілді.

Реклама