Тұманбай Молдағалиев-80 жыл

Ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл

Ақын Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай 8-сынып оқушыларымен «Тұманбай теңіздей терең талантты ақын» атты оқырмандармен ой толғау кеші өткізілді. Кештің мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. Кіріспе сөзінде кітапханашы ақынның ұлттық поэзиямызды әлемдік биік деңгейге көтерген, көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі жайында, әдебиетіміздің алтын қазынасына айналып оқырман жүрегінен жол тапқан шығармашылығы әңгімеледік. Кітапханашы «Құстар қайтып барады» әнінің тарихына жеке тоқталып, қысқаша әнге шолу жасалынды және осы әннің қытай тіліндегі нұсқасы тыңдалды. Оқушылар ақынның шығармашылығы мен өлеңдері туралы өз пікірлерін жеткізіп, жаңадан басылып шыққан кітаптарына қызығушылықтарын танытты. Шара барысында «Тұманбай ата лирик, сыршыл ақын» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақ поэзиясының сыршылы» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына слайд- галерея көрсетілді. 23 оқушы қатысып, көрмеден 5 кітап алынды. 2 оқушы жаңа оқырман болып кітапханаға жазылды.

Реклама