Нұрғиса Тілендиевтің туғанына-90 жыл

«Халық қаһарманы»домбырашы,компазитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына-90 жыл

СССР-дің, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі, халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің- 90 жасқа толған туған күніне орай 7- сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ сазының сайып қыраны»- атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Ғасыр сазын тербеткен Нұраға» — кітапханада Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына библиографиялық шолу өткізілді. Нұрғиса Тілендиев қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер екендігі туралы айтылды. 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл атамыз «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар»- деп айтып кеткенін оқырмандарға шолу жасай отырып, әдебиеттердің ұсыныс тізімі жасалынып, әдістемелік құрал дайындалды.
Балалар кітапханасының оқу залында 5-6 сынып оқушыларымен «Нұрғиса- қазақтың маңдайына біткен ұлы күйші» атты ертеңгілікті сазгердің мерейтойына арнайы өткіздік. Іс-шара барысында сазгердің өмірі мен шығармашылығы және оркестрге арналған «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелері жайында балаларға «Өшпес із қалдырған сазгер» деген тақырыпта слайд және «Музыка өнерінің қаһарманы» атты видеоролик көрсетілді. Ертеңгілікке кітапхананың белсенді 25 оқырмандары қатысып, 8 оқушы жаңа оқырман болып жазылып, көрмеден 11 кітап қолға берілді.

Реклама