«МӘДЕНИ МҰРА» бағдарламасына — 10 жыл

«Мәдени-мұра» бүкіл ата- бабаларымыздың бізге жеткен дүниесі. Мәдени мұраны жаңғырту, қазіргі ұрпаққа ашып көрсету, оның халық тарихында алатын орнын айту кітапханашылардың басты міндеті. «Мәдени- мұра» бағдармаласының аясында кітапхана біршама жаңа кітаптармен толықтырылды. Облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген әдебиеттерге «Балдаурен» қызығушылар клубы мен 5- сынып оқушыларымен «Мәдени мұра -ғасырлар куәсі»- деген тақырыптық сөре ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Шолуға 21 оқырман қатысып, көрмеден 8 кітап алынып, 3 оқырман жаңадан жазылды.

Халқымыз ежелден жыл басына санаған Ұлыстың күніне арналған Наурыз мейрамы- шын мәніндегі елдік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі. Наурыз мерекесіне орай «Қауыштап қайта оралған Наурыз!» атты 6-сынып оқушылары арасында әдеби-сазды кеш өткізілді. Ұл қыздарымыз ұлттық киімдерін киіп, қазақтың салт-дәстүрі құда күтіліп, құдаларға шашу шашылып,құйрық- бауыр асату рәсімдерін көрсетіп наурыз көже ұсынылып, қазақтың ұлттық биі «Қара жорға», «Қамажай» билері биленіп, күй тартылды. Кешке аудандық кітапхана директоры М.Жабиева және аудандық кітапхана ұжымы қатысты. «Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!»- деген тақырыпта 7- сынып оқушыларымен ертеңгілік өткізілді.

Реклама