Конституцияға- 20 жыл

Тәуке ханның тура жолын, Қасым ханның қасқа жолын жалғастыратын Ата заңымызды қабылдағанымызға биыл 20 жыл толды. Осы атаулы датаға орай балалар кітапханасында 4-5 сынып оқушылары арасында «Адам. Мемлекет. Заң» атты танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – тыңдаушылардың еліне-жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мемлекетіміздің Негізгі Заңына деген құрметті сақтап қалу. Сабақ Әнұранмен басталып, кітапхана директоры М.Жабиева қатысушыларды мереке күнімен құттықтай отырып, Ата Заңымыздың мемлекет дамуындағы рөлін атап өтті. Шара барысында «Еліне арналатын тілегі шын, Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!»деген тақырыпта слайд көрсетіліп , «Ата заңым- асқар тауым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне, әр жылдары заңға енгізілген өзгерістер, ересектер мен балалар құқын қорғау туралы кітаптың мол мұрасы оқушылардың назарына ұсынылады .

конст
Көрмеден оқырмандарымыз мемлекет тарихы туралы ақпарат алып, кітапхана қорындағы заң саласындағы басылымдармен танысты. Шараға 21 оқушы қатысты, оның 4-і жаңа оқырман болып кітапханаға жаңадан жазылды

Реклама