Жұмекен Нәжімеденов-80жыл

Ақын Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтың туғанына-80 жыл
Қазақтың әдебиеті өзінің арғы-бергі ұлы кезеңдерінде ұлт мерейін үстем етер, халқымыздың ойлау, пайымдау қабілетінің орасан кеңдігі мен ересен тереңдігін танытар жалпы адамзаттық биікке көтерілген көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай. Аты шартарапқа таралған, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің өршіл жүйрігі Жұмекен Нәжімеденов қайраткерлігімен де, адамгершілігімен де аңызға айналған абыз аталардың бірі. Осыған орай мемлекеттік сыйлықтың иегері, сан қырлы талант иесі, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында кітапханада 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жұмекен және балалар поэзиясы» атты ертеңгілік өткіздік. Шара барысында ардагер кітапханашы Макира Қанапияқызы оқырмандарымызға баяндама жасап, өз баяндамасында:- Балаларға арнап өлең жазу қиынның- қиыны екені белгілі. Өткені балалық психологияны жетік меңгеру керек. Онсыз жазған өлең әлсіз шығады. Ағамыз жазған шумақтар шымыр ойға құрылып, кішкентай оқырманын құштарлықпен оқуға құнықтыра түседі.- деді өз сөзінде.
6- сынып оқушылары арасында «Жұмекен- Қазақстан Республикасының Гимннің авторы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.

Реклама