Қазақстан халықтары Ассамблеясына — 20 жыл

ассамбл

Бүгінгі күні Қазақстан халықтарының Ассамблеясы еліміздің бірегей ұстанымы болып отыр. Ассамблеяның -20 жыл толуына орай кітапханада «Ассамблея жолы- Ақиқат жолы» деген тақырыпта кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Менің елім Қазақстан», «Арын Р. Қазақ этносының әлеуметтік-саяси мәртебесінің дамуы», «Братство народов – братство культур», «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан», «Народы Казахстана. Энциклопедический справочник», сонымен қатар Іле ауданының этно-мәдени орталығының өкілдері әр түрлі аудандық іс-шараларға түсірілген фотолар қойылды. «Береке бастауы-бірлік» деген тақырыпта тақырыптық шолу өткізіліп, Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіруге негіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлемге бейбітшілік пен ынтымақтастықтың жаршысы ретінде танылғандығы жөнінде және жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету арқылы ,басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындырып , көрмедегі кітаптармен таныстырылды.ассамблея
Аудандық балалар кітапханасында 4-5 сынып оқушылар арасында Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20- жыл толуына орай «Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кеңге ашқан» атты қазақстанда тұратын халықтарын білуіне балалармен ертеңгілік өткізіліп, қазақстанда тұратын халықтардың, олардың тарихын, мәдениетінің дәстүрлері мен ерекшеліктерін, мерекенің тарихы туралы қысқаша тоқталып өттік. Оқырман балалармен біздің елдің халықтарының- қазақша, белорус, өзбекше, орысша және де басқа ұлттың ойындары өткізілді. Балалар ойындарда және сұрақ-жауап сайысына белсене қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Мерекені №13 мектептің 4-5 сынып оқушылары мен ұстаздарымен бірігіп дайындап өткіздік. Жүргізушілер көп ұлтты Қазақстан елі туралы, әрбір халықтың ерекшеліктері жөнінде баяндап, ойындар мен викториналар өткізді. Балаларға орыс халықтарының ертегілерінен қысқаша қойылымдар көрсетілді. Шара барысында «Әрқашан дос біргеміз, ажырамас іргеміз» деген тақырыпта слайд жасалынып, балаларға таныстырылды. Мерекеге 26 оқушы қатысты. 7 жаңа оқырман жазылып, көрмеден 5 кітап қолға берілді.

Реклама