Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

Қазақ халқының ұлы ақыны,қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

Ұлы Абай Құнанбаев қазақ елін өз өнерімен бүкіл әлемге танытқан. Оның өлеңдері жан-сезіммен толы. Абай түрлі тақырыптарға жазған махаббат табиғат жалпы өмірдің шындығы мен өмірімен байланысты жағдайлар туралы Абай Құнанбаев әр қазақтың жүрегінде мәңгілікке қалады.
Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толу қарсаңында аудандық балалар кітапханасында 5- сынып оқушылары арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген тақырыпта сторителлинг (әңгімелеп беру) өткіздік. Кітапханашы Ұлы Абайдың өнегелі өмірін, шығармашылығын баяндай отырып, ұлы есімді жазба әдебиеттің негізін салушы, ақын, аудармашы, сазгер, ойшыл, тарихшы екені туралы оқырмандарға әңгімелеп берді. Тарихи әдеби-көркемдік тұрғысынан өзгеше өткен тағылымды шара бас ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған мерекелік шаралардың беташары деп білеміз. 14 оқушы қатысып, 3 оқушы жаңа оқырман жазылды. Сондай-ақ «Абай- ақыл-ой ақындықтың киесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде оқырмандар ұлы Абайдың әр жылдары , әр баспада жарық көрген шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Кітап көрмесіне және видеоролик көруге № 13 М.Мақатаев атындағы мектептің 5-6 сынып оқушылары келді.
«Абай- әлем деңгейіндегі ұлы тұлға» атты поэзия кеші өткізіліп , фото-шеруге жоғарғы 8-сынып оқушылары қатысты. Кештің негізгі мақсаты- Ұлы Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау болып табылады.
Шараның өту барысында кітапхана директоры М.Жабиева кештің маңыздылығына кеңінен тоқталып өтті. Кітапханашы А.Амантаева слайд- презентация арқылы Абай өмірінің шығармашылығынан оқушылар назарына қызықты деректер ұсынды. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіріп орындап, күйлерін тартты. Кешке 24 оқушы қатысты, оның 5-і жаңа оқырман болып жазылды.
Кітапханада оқырмандар мен тәрбиешілердің қатысуымен «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» атты әдеби қонақжай өткізілді. Ал, 6- сынып оқушыларына арнап «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Электрондық шолу көрмесі ұйымдастырылды.

Реклама