Кітапхана туралы

1920-1924 жылдары Түркістан Республикасындағы Семиреченск 7 уезден тұрса, соның бірі Верный уезі 1921 жылдың 5 ақпанында Алматы болып өзгереді. Ал 1922 жылдың 21 сәуірінде Семиреченск облысы Жетісу облысы болып құрылады.
1924 жылдың 27 қазанында Мойынқұм және Сарықұм уездерінен Іле болыстығы құрылып, оның орталығы Іле стансасына көшіріледі. 1928 жылдың 17 қаңтарында Жетісу губерниясы таратылып, уездер мен болыстықтардан Алматы және Семей (бір бөлігінен) округтарынан аудандар құрылады.
Іле ауданы аудандық кітапханасы 1928 жылғы 19 қыркүйек айында «Қызыл отау» болып құрылып, оқырмандарды желтоқсан айынан бастап қабылдады. Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты кітапхана:– 19 қазанда округтік; 1930 ж. – 17 ақпанда аудандық; 1933 ж. – 1 шілдеде қайтадан округтік ауылдық кітапханалар құрыла бастады. 1948 ж. – 1 аудандық кітапхана және мектептерде кітапхана болды. Осы жылы тағы да 7 кітапхана ашылды. ҚР Ұлттық кітапханамен байланыс орнады. Оның мақсаты – аудандық,ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, алдыңғы қатарлы іс-тәжрибелерді тарату. Әдістемелік және библиография бөлімдері құрылғаннан бастап ауыл кітапханаларының жұмысына басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетумен қатар, кітапханашылардың кәсіби мамандықтарын арттыру және білімін жетілдіру мақсатында курстар, стажировка-практикумдар, зерделі кеңестер өткізе бастады.1980 жылы аудандық орталыктандырылған кітапхана жүйесі құрылды. Ауданда -1 аудандық орталық кітапхана,1- аудандық балалар кітапханасы, 1- №26 Энеркетикалық қалалық кітапхана болды. 1982-1995 жж. аралығында аудандық орталық кітапханаларда әртүрлі тақырыптарда зерделі кеңестер ұйымдастырылды.1996 жылы-49 кітапхана болса,1998 жылы қысқартылып-15 кітапхана қалды, оның ішінде 3-балалар кітапханасы, оқырман саны-27,3 мың, Кітап қоры- -197 000 дана болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарияланған «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», «Халық бірлігі мен ұлттық тарих», «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы», «Мәдениетті қолдау», «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы», «Денсаулық сақтау» жылдары кітапханалар осы бағытта әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар өткізді.

1999 жылы — 12 кітапхана жабылып, 3 кітапхана халыққа қызмет көрсетті.
1999 жылдың наурыз айынан Іле ауданы аудандық кітапханасы болып құрылды.
2001 жылы Тәуелсіздіктің 10-жылдығына «Тіл мен тарих» атты ғылыми – тәжиірбелік конференция өткізілді.
2002 жылы «Артық ғылым – кітапта, ерінбей оқып көруге» ғылыми – тәжиірбелік конференция өткізілді.
2002 жылы «Еуразиялық- мәдениет және кітапхана ресурстарыының интеграциясы» атты Орал қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2003 жылы ҚР Ұлттық кітапханада Іле ауданымен бірлесе «Библиотека как информационный и культурный центр села» дөңгелек үстел өтті
2003 жылы «Жаңа қоғамның жаңа кітапханасы. Үлгілі ауыл кітапханасы» Павлодар қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2003 жылы – Кітапхана процестерін автоматтандыру жұмысы басталды.
2003 жылдан Алматы облысында алғашқылардың бірі ретінде «Жаңа қоғамның – жаңа Модельдік кітапханасы» болып ашылды. Кітап қоры-107441дана, оқырман саны-13058, кітап берілімі-221965 дана, жаңа түскен кітаптар-550 дана.
2003 жылы Кітапханада “РАБИС” бағдарламасы бойынша электронды каталог жасақтала бастады. Интернетке модем арқылы қосылды.2004 жылы « Ауыл жылы »бағдарламасы аясында «Ең үздік ауыл кітапханасы»,
2004 жылы Павлодар қаласындағы республикалық конференциясы жұмысына қатысты.
2005 жылы Іле аудандық, Боралдай ауылдық кітапханаға КАБИС бағдарламасы енгізілді.
2005 жыл қортындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2006 жылы Астана қаласында «Қазақстан еңбекші әйелдері» Конгресіне іскер әйелдермен тәжірбие алмасып, Мәдениет Министірлігі Е.Ертісбаевпен кездесу,2006 жыл қортындысы бойынша «Үздік мекеме»атағы берілді.
2007 жылы облыс әкімі С.Үмбетов кітапханадағы жетістіктер үшін «НИВА» автокөлігін сыйлады.
2008 жылы — 6 кітапхана қайта ашылды.
2008 жылдан бес кітапханаға (Аудандық, Боралдай балалар, Чапай, Қараой, Ақши) КАБИС бағдарламасы енгізілді.
2009 жылдан жаңа технологиялық бағытта пайдаланушыларға қызмет көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуде. Іле аудандық кітапханасында 7 Модельді ауылдық кітапхана жұмыс істейді: (Аудандық, Боралдай балалар, Боралдай ауылдық, Чапай, Қараой, Ақши ауылдық, Ақши балалар кітапханалары).
2009 жылы 14 тамыз – «Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. 2009 жылы 15-16 қазан С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы «Жаныңа нәр беретін кітапхана және отбасылық оқу» Халықаралық конференцияға қатысты.
2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Үздік заманауи кітап қоры» байқауының Бас жүлдесімен марапатталды.
2011 жылы Кітапхана ҚР Ұлттық және Астана қаласындағы академиялық Ұлттық және облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда және облыстық Зертханалық орталық болып табылады.
2011 жылы қаңтар айында — 1 Жетіген ауылдық кітапханасы ашылды.
2012 жылы Кітапхана веб-сайты жасақталды.
2012 жылы10-12 шілдеде — Астана қаласында ҚР Академиялық кітапханасында» Қазақстанда және АҚШ-та азаматтық қоғамнының құрылуы» форм-тренингке қатысты.
2014жылы ақпан айында — 2 кітапхана ашылды. (Аудандық балалар кітапханасы және Междуречинск ауылдық кітапханасы)

Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына 12 кітапхана  қызмет көрсетеді.  1 — Іле аудандық, 1- аудандық балалар кітапханасы, 2 — ауылдық балалар кітапханасы: Боралдай ауылдық балалар кітапханасы, Ақши ауылдық балалар кітапханасы, 8- ауылдық кітапхана: Жетіген, Қараой, Чапай, КазЦИК, Ащыбұлақ, Ақши, Боралдай, Междуречинск.

2014 жылдан бастап Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасынан бөлініп, Іле аудандық балалар кітапханасы болып қалыптасты.

Реклама