Жаңалықтар

2016-04-05_15-45-12 Хабарландыру!

  Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 175 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында Іле аудандық балалар кітапханасында 2016 жылы 5 мамырда «Алтынсарин оқулары» атты байқау өтеді.

  Байқауға аудандық, ауылдық балалар кітапханасының оқырманы болып табылатын 7-10,10-15 жасқа дейінгі барлық оқырмандар қатыса алады.

Байқаудың талаптары мен шарттары туралы толық ақпаратты мына байланыстар арқылы ала аласыздар:

Байланыс нөмері: 87252 2-01-79,2-22-20

                             87073731450 Амантаева Айман

Электронды пошта: ilibibl2004@mail.ru

Қатысушының өтініші  2016жылдың 10 сәуірінен-15 сәуірге дейін қабылданады.

Байқауды ұйымдастырушылар: Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы

                                                 Іле аудандық балалар кітапханасы

Реклама